Қазақ тілі мен әдебиеті апталығы. 5-күн.

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес
 

Қазақ тілі мен әдебиеті апталығын өткізу аясында 9-сынып оқушылары іздеу жұмыстарын жүргізіп, "Ұлылардың ұлысы – Абай" бейне-презентациясын жасады.

Бейне-презентацияның мақсаты: Абайды тұлға ретінде жақынырақ білу; Абай туралы дүниетанымды әлемдік тұлға ретінде қалыптастыру.Абайдың шығармашылығы туралы белгілі тұлғалардың пікірін білу;

Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс.

Қазақ тілі мен әдебиеті  апталығын өткізу барысында 10, 11–ші сынып оқушылары «Абаймен кемел білімге» атты виртуалды, зияткерлік викторинаға қатысты.

Мақсаты: ақынның даналығын, рухани асыл-мұраларын насихаттау. Көркем сөйлеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.

Іс-шара барысында оқушылар викторина сұрақтарына жауап берді, ақынның өмірбаянына, шығармашылығына шолу жасады.

Абай туған елін қаншама сүйсе, елі үшін күңіреніп, тебіренсе бүгінгі ұрпақ оны сонша құрметпен сүйіп отыр. Абайдың көзі тірісінде жетпеген арманына біздің заманымызда жетіп отыр. Өйткені, бүгінгі ұрпақ көзі ашық, ғылымға, білімге, өнерге құмар. Абай атамыздың «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол» деген өсиетін көкіректе нық сақтайық. Осындай тылсым күштің иесі бола білген, «Жүректен кіріп, бойды алған» күш иесі Абай атамыз жасасың! Есімі ел есінде мәңгілік сақталсың!

Абай ақын қазақтың мақтанышы,

Ел сыйлаған даналардың данасы.

Өлеңдері үйретеді ғылымды,

Қара сөзі ойландырар адамды.

Мұндай ақын бар екен ғой, ғаламда.

Мұндай жырды мен айта алмай қалам ба?

Абай ақын ел таныған ақын ғой,

Бұл ақынға бас имей мен қалам ба?

Өлеңі бар ұйқастардан құралған,

Әр ұйқаста мән -мағына сыр жатқан.

Еліміздің даналығын жырлаған,

Абай ақын, бір өзіңмен мақтанам.

 

Add comment

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзатын қорлауға, ар-намыс пен абыройды қорлауға, ұлтаралық араздықты қоздыруға, ұятсыз сөздерді қолдануға және түсініктемелер жариялауға тыйым салынады.

Security code
Refresh