- Толығырақ
-
Құрылды Сейсенбі, 12 Қаңтар 2021 14:19
-
Жаңартылды Бейсенбі, 14 Қаңтар 2021 11:01
-
Қаралды: 59

Әріптестерімізге алғыс хаттар!!! Мектеп орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін "Назарбаев Зияткерлік мектептері"ДББҰ-дан Алғыс хат алуымен құттықтайды.
НЗМ №16 ОМ мұғалімдері О.А. Кравченко, А. С. Франк, Л. В. Винникованың шығармашылық еңбегін жоғары бағалай отырып, OnlineMektep жобасына белсенді қатысып, еліміздің болашағы – өскелең ұрпақтың саналы, өз Отанына адал қызмет ететін ерен тұлға болып өсуіне қосып келе жатқан зор үлесіңіз үшін үлкен алғыс білдіреді. Мектеп ұстаздарымызға зор денсаулық, ұзақ өмір, отбасыларыңызға амандық, шабыт және жұмыста табыс тілейді!
Шығар шыңдарыңыз әрқашан да биік болсын!
- Толығырақ
-
Құрылды Жұма, 06 Қараша 2020 12:48
-
Жаңартылды Дүйсенбі, 09 Қараша 2020 09:25
-
Қаралды: 92

Шын жүректен Бекетова Айнур Файзуловнаны тамаша нәтижемен құттықтағымыз келеді! «Қазақ тілі мен әдебиетінің үздік мұғалімі» қалалық байқауында 3 орын! Айнур Файзуловна, Сіз өзіңіздің жоғары шеберлігіңізді, кәсіби қызметіңізде үлкен жетістіктерге жетуге деген ниетіңізді көрсеттіңіз. Тамаша бастау! Байқауда біздің мектепті лайықты көрсеткендеріңіз үшін, батылдық үшін рахмет.
Сізге алдағы уақытта да жеңістер, жақсы және білімқұмар оқушыларды, өз күштеріңізге деген сенімділік және сәттілік тілейміз. Жеткен жетістіктермен тоқтап қалмай, әрдайым өзіңе сенімді болуды тілейміз! Барлық армандар, барлық жоспарлар орындалсын! Біз сізді мақтан тұтамыз!!!
- Толығырақ
-
Құрылды Сәрсенбі, 04 Қараша 2020 13:46
-
Жаңартылды Сәрсенбі, 04 Қараша 2020 13:48
-
Қаралды: 115

«Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалында дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің педагогикалық тәжірибесін жинақтау мақсатында 30 қазан мен 2 қараша аралығында "Инновациялық сабақ"шеберлік сыныбы өтті. Облыстық байқауға дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Кинтаев Медет Сункарович белсенді қатысты. Оның «Ойындардағы техникалық әдістерді зерттеу» сабағы 1 дәрежелі дипломмен марапатталды. Мектеп әріптестері мен оқушылары Медет Сункаровичті облыстық байқаудағы лайықты және сенімді жеңісімен құттықтайды!
Медет Сункарович, Сізге қол жеткізген жетістіктеріңізбен тоқтап қалмауыңызды, әрқашан да алға басып және шыңдарды бағындыруыңызды тілейміз. Табысқа жету жолында әрдайым бақытты жұлдыз жарқырай берсін!
- Толығырақ
-
Құрылды Сейсенбі, 15 Қазан 2019 23:06
-
Жаңартылды Бейсенбі, 30 Қаңтар 2020 22:50
-
Қаралды: 1374
10 қазан күні Республикалық «Үздік жыл психологы – 2019» байқауының облыстық кезеңі өтті. №16 ОМ педагог-психологы Есентемирова Айгүл Аузқановна III жүлделі орынға ие болды.