Жолдағы қауіпсіздік

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес
 

Жыл сайын біздің елімізде балалар жол-көлік оқиғаларының құрбаны болып қалуда. Күн сайын Сіз сыртқа шығып, жол қозғалысына қатысасыз. Көбінесе балалар жол ережелерін бұзады немесе оларды мүлдем білмейді. Енді осы жадынаманы оқып, негізгі ережелерді есте сақтайық және оларды бұзбайтын болайық.

Жолдағы қауіпсіз мінез-құлықтың негізгі ережелері

  • Жақындап келе жатқан көліктің алдында ешқашан жолға жүгіріп шықпаңыз. Бұл қауіпті, өйткені жүргізуші көлікті бірден тоқтата алмайды.
  • Жолды жаяу жүргіншілер өткелі бойынша арнайы белгіленген орындарда кесіп өту қажет.
  • Көлік жүретін жолға  сол және оң жақта жақындап келе жатқан көліктің жоқтығына көз жеткізгеннен кейін ғана шығыңыз.
  • Автобустан шыққан соң жолға жүгіріп шықпаңыз. Автобустың кетуін күтіңіз, содан кейін көліктердің жоқтығына көз жеткізіп, жолдан өтіңіз.
  • Жүргін бөлікке скейтпен және роликті конькимен жүру қауіпті.
  • Жаяу өткел жолдан тыс жерде жолға жүгіріп шықпаңыз, жүргізуші жаяу жүргіншілерді күтпейді және көлікті бірден тоқтата алмайды.
  • Доп және басқа ойындарды жолдың жанында ойнау қауіпті, оны аулада немесе ойын алаңында жасағаны дұрыс.
  •  Бағдаршамды қолдана біліңіз

Есте сақтаңыз!

Жол ережелерін қатаң сақтау ғана барлығыңызды жолдағы қауіптен қорғайды!

 

Add comment

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзатын қорлауға, ар-намыс пен абыройды қорлауға, ұлтаралық араздықты қоздыруға, ұятсыз сөздерді қолдануға және түсініктемелер жариялауға тыйым салынады.

Security code
Refresh