- Толығырақ
-
Құрылды Сәрсенбі, 16 Қаңтар 2019 09:48
-
Жаңартылды Бейсенбі, 30 Қаңтар 2020 23:01
-
Қаралды: 966
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.
Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.
- Толығырақ
-
Құрылды Сәрсенбі, 16 Қаңтар 2019 09:47
-
Жаңартылды Бейсенбі, 30 Қаңтар 2020 22:47
-
Қаралды: 957
Елтаңба – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Елтаңба («герб») термині немістің «erbe» (мұра) деген сөзінен шыққан. Мемлекеттің мәдени және тарихи дәстүрін бейнелейтін символдық мәні бар үйлесімді пішіндер мен заттардың мирастық ерекшелік белгісін білдіреді.
- Толығырақ
-
Құрылды Сәрсенбі, 16 Қаңтар 2019 09:46
-
Жаңартылды Бейсенбі, 30 Қаңтар 2020 22:47
-
Қаралды: 952
Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. «Флаг» термині «vlag» деген нидерланд сөзінен шыққан және белгіленген көлем мен түстегі, әдетте елтаңба немесе эмблема түрінде бейнеленген, діңгекке немесе бауға бекітілген мата ұғымын білдіреді. Ту ежелден елдің халқын біріктіру және оны белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді.
- Толығырақ
-
Құрылды Сәрсенбі, 16 Қаңтар 2019 09:44
-
Жаңартылды Бейсенбі, 30 Қаңтар 2020 22:59
-
Қаралды: 974
Гимн – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Гректің «gimneo» сөзінен шыққан «гимн» термині «салтанатты ән» деген мағынаны білдіреді. Гимн ел азаматтарын тиімді әлеуметтік-саяси тұрғыдан топтастырып, этномәдени тұрғыдан теңдестіру үшін негізгі мәнге ие, маңызды дыбыстық рәміз саналады.