Бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес

Физика пәні мұғалімінің уақытша бос лауазымына (декреттік демалыс кезеңіне) конкурс жарияланады.

Міндеттері: оқытылатын пәннің (физика) ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады, өзіне бекітілген сыныптарда оқу жүктемесін бөлу бойынша сабақтар мен басқа да оқу сабақтарын өткізеді, сабақ уақытында тиісті жөн мен тәртіпті қамтамасыз етеді. Білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі. Білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады. Қысқа мерзімді жоспарлар, бөлім үшін жиынтық бағалау және тоқсан үшін жиынтық бағалау тапсырмаларын жасайды. Электрондық журналдарды толтырады. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, жүйелік-қызметтік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді. Әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын және бейімділіктерін зерделейді.