Балаларды қорғау күні.

COVID-19 таралуын болдырмауға арналған карантинге байланысты шектеулі шараларға қарамастан, Балаларды қорғау күні назардан тыс қалмады.

30 мамыр күні бастауыш буында қашықтық форматта «Сәлем, жаз!» ойын-саяхат өткізілді. Ойын барысында оқушылар ерекше «Станцияларға саяхат» жасады, «Загадочная», «Олимпийская» станцияларында, «Кричалка», «Знайка», «Художественная» станцияларында, «Кузнечики» станцияларында болды.

Дене шынықтыру мұғалімі В.В. Боков сынып жетекшілермен, оқушылармен және олардың ата-аналарымен бірге «Қазақстан балалары спортты таңдайды!» челлендж жасады, оны 1 маусым күні сағат 11.00-де балаларды салауатты өмір салтын сақтауға, дене шынықтыру мен спортпен айналысуға ынталандыру мақсатында чатқа жіберген болатын.

1 маусым күні сағат 10.00-де әлеуметтік қорғалмаған санаттағы оқушылар үшін, санитарлық нормаларды сақтай отырып, «Балалық шақтың бақытты күлкісі» спорттық іс-шарасы өткізілді.

1 маусым күні сағат 10.00-де сынып жетекшілері оқушылар арасында «Жаз» атты флеш-моб ұйымдастырды.

Қашықтық форматта бастауыш буын оқушылары үшін Қостанай қаласы бойынша «Балаға мейірімді қала» атты экскурсия өткізілді.