«Ертегілер күні»

Тамаша күн! Бүгін бізде теледидардан түсіру тобы болды. Тілшілер біздің мектеп жанындағы алаң туралы сюжет түсірді. Олар біздің мектеп әкімшілігінен сұхбат алып,балалардың демалысын тамашалады.

Балалар "Кіші олимпиада ойындары" атты спорттық жарысына қуана қатысты. Балалар шаршаса да толы энергиясымен  үйірме сабақтарына барды. Онда оларды жаңа «Ертегі»  тапсырмалары мен ойындар күтті.

Музыкалық викторина ертегілермен байланысты болды. Балалар ертегілердің атауларын қызығушылықпен еске алды.

"Информашки" станциясында информатика пәнінің мұғалімі Елеусизова Айнаш Досымхановнаның  жетекшілігімен балалар "Paint" бағдарламасында ертегі кейіпкерлерін салды.

Барлығы жануарларға деген махаббат туралы білу керек. Балалар  «Не хочу быть собакой» атты спектаклін көріп, достықтың маңызды екендігіне  қорытынды жасады.

«Менің сүйікті ертегі кейіпкерім» атты  суреттер байқауында ең үздік және талантты балаларды таңдау қиын болды.

Бүгінгі күн тез өтіп кетті. Өйткені, бос уақыттың өзі де болған жоқ.

День сказкиДень сказкиДень сказки