Жалпы білім беру пәндері бойынша 2019-2020 оқу жылында ғылыми жобалардың республикалық конкурсы қалалық кезеңінің қортындысы

2020 жылғы 2-3 қыркүйекте  ғылымның бір саласын тереңдетіп оқыту процесінде  оқушылардың ғылыми-зерттеушілік және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында онлайн режимінде 8-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалардың Республикалық конкурстың қалалық кезеңі өткізілді. Біздің мектептен 11 оқушы қатысып, оның 4-і жүлдегер атанды:

1 орын – Алматов Данияр, 10-сынып, "Тіл білімі" секциясы (орыс тілі), мұғалімі Франк А. С.;

2 орын – Қалдыбаева Даяна, 9 сынып,  "Қазақ әдебиеті" секциясы,  мұғалімдері Нуркина Б. А., Ибраева А. С.;

3 орын – Темиров Абай, 11 сынып, "Тарих" секциясы, мұғалімдері Нуркина Б. А., Ибраева А. С.;

3 орын – Кенибаев Абылайхан, 11-сынып, "Тіл білімі" секциясы (қазақ тілі), мұғалімі Б. Нуркина А.

Жарайсыңдар ! Тамаша нәтиже!

Екі жоба иелері– Алматова  Д. және  Қалдыбаева Д. жалпы білім беретін пәндер бойынша  ғылыми жобалардың  республикалық конкурстың  II (облыстық) кезеңі  іріктеу турына қатысу үшін ұсынылды.

Облыстық кезеңінде жетістікке жетуге тілектеспіз!