Республикалық ғылыми жобалардың конкурсының қалалық кезеңі

2019 жылғы 27 сәуірде "Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің А. М. Горький атындағы гимназия" ММ базасында 8-10 сынып оқушылары үшін жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңі өткізілді. Ұсынылған 12 жобаның 4-і жүлдегер атанды.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жобалар сайысының қалалық кезеңінің жүлдегерлерін құттықтаймыз:

"Орыс әдебиеті" секциясында 1 орынға ие болған8Б сынып оқушысы Радионова Елизавета, мұғалімі А. С. Франк;

"Қоршаған ортаны қорғау" секциясында 3 орынға ие болған 9Б сынып оқушысы Лизенко Богдан, жетекшісі Дейнега К. Б.;

10 сынып оқушысы Скрипкова Марина, "Қоршаған ортаны қорғау" секциясында 3 орынға ие болды, жетекшісі Узингер В. В.;

"Этномәдениеттану" секциясында 3 орынға ие болған 10 сынып оқушысы Абжанова Диана, жетекшісі Сабыкова Г. К.

Балалар жарайсыңдар! Радионова Елизавета жобасы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының ІІ (облыстық) кезеңінің іріктеу турына қатысуға ұсынылды.