Дублер күні

4 қазан күні біздің мектепте Мұғалімдер күніне орай «Дублер күні» өтті. 10 және 11 сынып оқушылары  мұғалімнің қиын  еңбегін сезінді. Ал мұғалімдерге мектеп жылдарына қайта оралуға мүмкіндік берілді.

Іс-шара қызықты өтті. «Дублер күні» аясында сабақтар аяқталғаннан кейін педагогтар мерекелік концертке қатысты, оның барысында көптеген жағымды эмоциялар алды.