Қамқорлық акциясын – қорытындылаймыз.

Бала құқықтары туралы Конвенцияның 27-бабын, Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабын, "білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабыны 4 тармақшасын    іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 «Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты жұмсау ережесі» «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 16 орта мектебі» ММ-де «Жалпыға міндетті білім беру» бағдарламасы шеңберінде «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы өткізілді.

Халықтың қорғалмаған топтары мен аз қамтылған отбасылар санатына жататын оқушылар анықталды.

Педагогикалық ұжыммен, ата-аналар қоғамдастығымен, сынып ұжымдарымен 5234 дана кеңсе тауарлары жиналды, сондай-ақ мұқтаж балаларға 22000 теңге соммасына заттар берілді. (көрсетілген көмектің жалпы сомасы 145925 теңгені құрады).

Жоғарыда көрсетілген санаттағы барлық оқушылар тегін ыстық тамақпен қамтылған.