Спорттық сенбі

Әр сенбі сайын дене шынықтыру мұғалімдері біздің оқушылар үшін спорттық іс-шаралар ұйымдастырады. Бүгін 6 сыныптар арасында «Көңілді старттар» өтті. Жарыс қорытындысы бойынша 1 орынға 6 «Д» сынып, 2 - 6 «Б» сынып, 3 - 6 «А» сыныбы ие болды. 2-ші сынып оқушылары арасында «Ату»  ойыны бойынша жарыстар өтті, онда 1 орынды 2 «Г»  сынып, 2 орынды 2 «Б», 3-2 «Е», 4 - 2  «В», 5 - 2 «Д», 6 орынды 2 «А» сынып иеленді. Барлық қатысушылар алдағы оқу аптасына сергектік қуатын алды.