Ішімдік және басқа да психобелсенді заттарды қолданудың алдын алу

«Азаматтық  құқықтық сана және  кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» айлығы шеңберінде 2019 жылғы 24 қазанда «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №16 орта мектебі» ММ-де жоғарғы сыныптар үшін «Ішімдік және басқа да психобелсенді заттарды қолданудың алдын алу» тақырыбында «Қостанай облыстық психологиялық денсаулық орталығы» КМК психологы Юлия Борисовна Платонмен сұхбат алаңы өтті.

Балаларға «Жүректі қорғау», «Темекі–бұл зиян», «Спайс өмірге қауіпті!» және т.б. түсіндіру жұмысында қауіпті жағдайларда өзін-өзі ұстау ережелері, сондай-ақ іс-әрекет алгоритмі туралы ақпарат жеткізілді.

Білім алушылардың нашақорлық проблемасына қатысты ақпаратты анықтау және алу мақсатында ПБЗ-ға тәуелділікке тарту тәуекелінің деңгейін анықтауға анонимді сауалнама жүргізілді.