Ғаламторсыз күн

Жыл сайын қаңтар айының соңғы жексенбісінде халықаралық  ғаламторсыз күн тойланады. Биылғы жылы ол 26 қаңтарда өтті. Біздің мектепте ең болмағанда бір күнде «дүниежүзілік өрмекшіден» қалай шығу және нақты өмірдің мүмкіндіктерімен танысу туралы сынып сағаттары өткізілді.  Сонымен қатар, «Ғаламторсыз күнді қалай өткіздім» атты суреттер конкурсы өткізілді. Сонымен қатар балалар осы тақырыпқа эссе-ой жазды.