Оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау мәселесі бойынша жүйелі тәсілдемені қалыптастыру.

13 қарашада мектепте қашықтықтан форматта сынып жетекшілер әдістемелік бірлестіктерінің отырыстары өткізілді. Отырыс тақырыбы: Оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау мәселесі бойынша жүйелі тәсілдемені қалыптастыру.

Отырыстардың күн тәртібінде келесі мәселелер болды:

  • І тоқсан бойынша ТЖ жоспарын орындау қорытындылары, І тоқсан бойынша сынып жетекшілерінің рейтингі;
  • 2020-2021 оқу жылының ІІ тоқсанына қашықтықтан оқыту форматында тәрбие іс-шараларын жоспарлау;
  • су айдындарында жазатайым оқиғалардың, балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу бойынша сынып жетекшілерінің жұмысы;
  • ҚР Әкімшілік кодексі. Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауапкершілігі;
  • сынып жетекшілерінің ПБЗ-ны пайдалануды болдырмау, нашақорлықтың алдын алу жөніндегі жұмысы.