Жаңа оқу жылында балаларды оқыту туралы

2020 жылдың 20 тамызында "Жаңа оқу жылында балаларды оқыту туралы" тақырыбында бірыңғай ата-аналар жиналысы өтеді.

Ата-аналар жиналысының күн тәртібіндегі сұрақтары:
1) Жаңа оқу жылындағы оқу форматтары.
2) Оқытудың штаттық режимінде санитариялық талаптарды сақтау.
3) Қашықтықтан оқыту: баланың мінез-құлық ережелері және жұмыс орны.
4) Қашықтықтан оқыту жүргізілетін білім беру Ғаламтор-платформасымен танысу
5) Жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау жүйесі.
6)Балалардың оқу және демалыс режимі.
7) Баланы өз бетінше оқуға қалай ынталандыру керек?
8) Ата-аналардың балаларға интернетте қауіпсіз жұмыс істеуі үшін үйрететін ережелері.
9) Ғаламтордағы балалардың жұмысын ата-аналық бақылау ережелерімен танысу.
10) Ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынас психологиясы.