2020-2021 оқу жылында оқу процессін ұйымдастыру

2020 жылдың 19 тамызында біздің мектепте "2020-2021 оқу жылында оқу процессін ұйымдастыру" тақырыбында педагогикалық кеңес өткізілді.

Педагогикалық кеңес барысында келесі сұрақтар қарастырылды:
1) Жаңа оқу жылындағы оқу форматтары;
2) Оқытудың штаттық режимінде санитариялық талаптарды сақтау;
3) 1-4 сынып кезекші сыныптарының "жұмыс режимі және жұмыс істеу қағидалары»;
4) Қашықтықтан оқыту: мұғалімнің жұмыс орны және жүріс-тұрыс ережелері;
А) техникалық дайындық және жұмыс орны;
б) қашықтықтан сабақты әзірлеу алгоритмі;
в) педагог имиджі және желілік этикетті сақтау;
5) Мектепте қашықтықтан оқыту жүргізілетін білім беру Ғаламтор-платформасымен танысу;
6) Жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау ерекшеліктері;
7) Баланы өз бетінше жұмыс істеуге және оқуға қалай ынталандыру керек.