Біз " Қауіпсіз интернет үшін»!

Дүниежүзілік желі адам өмірінің барлық салаларын қамтиды, сондықтан біздің мектепте "Қауіпсіз интернет" атты бірқатар іс-шаралар өткізілді. Біздің мектептің барлық оқушылары үшін "Интернет – менің өмірімде"атты тақырыбында  линейкалар және сынып сағаттар өткізілді.

3 және 5 сынып оқушылары арасында Интернет бойынша ойын өткізілді, онда балалар "вирустар", "этикет", "қауіпсіздік", "қорғау", "дербес деректер" және т. б. сұрақтары бойынша өз білімдерін бекітті. Үзілістерде оқушыларға ақпараттық буклеттер таратылып, онда қазіргі жастар үшін  "Қауіпсіз интернет"тақырыбы жан-жақты ашылды.

Өткізілген іс-шаралар біздің балаларға оң әсер ететініне сенімдіміз.