Тұңғыш Президент күні

1-ші  желтоқсан күні Қазақстан Тұңғыш Президент күнін  атап  өтеді. Тұңғыш Президент күнін мерекелеу жалпы мемлекеттік маңызы бар. 1 желтоқсан-Тәуелсіз Қазақстандағы тұңғыш бүкілхалықтық президенттік сайлау күні.

Біздің мектепте осы мереке шеңберінде сынып сағаттары, викториналар, спорттық шаралар, тақырыптық көрмелер іс - шаралар циклы өткізілді. "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында "Менің Қазақстаным" тақырыбында макеттер көрмесі ұйымдастырылды. Бұл шараға 1-11 сынып оқушылары қатысты. Балалар Қазақстанның ұлттық құндылықтарын, мәдениетін, табиғатының сұлулығын, тарихи-мәдени мұраның маңызды нысандарын көрсете отырып, экспозицияларды орындауға шығармашылықпен қарады. Көрмеге қарап, әркім балалардың жұмыстарынан Отанға деген сүйіспеншілігін, азаматтық және патриоттық сезімдерін, өз еліне деген мақтанышын байқайды. Барлық сынып ұжымдарына белсене қатысқаны үшін рахмет. Біздің оқушылар- креативті, заманауи, шығармашыл, әрине ең жақсы! Мерекелеріңізбен! Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті  елбасы Н.Ә.Назарбаев күнімен ! Ең бастысы әрине, Ұлт Көшбасшысына мемлекеттің дамуына баға жетпес үлес қосқаны үшін, халықтардың  достығы мен бейбітшілігі үшін рахмет!