1-сынып оқушыларының мектепте бейімделуі бойынша ата-аналарға арналған ұсыныстар

Бірінші сынып оқушыларының көбісі мектепке бала-бақшадан келген балалар. Онда ойындар, серуендер, жайлы режимі, күндізгі ұйықтау, әрқашанда жандарында тәрбиешісі. Мектепте бәрі басқаша.

Бейімделу үшін оған күш-жігер мен уақыт қажет. Бірінші сынып оқушылары үшін мектепке бейімделу кезеңі өте қиын болып табылады, сол кезең 2-3 аптадан жарты жылға дейін созылуы мүмкін. Бұл көптеген факторларға байланысты: баланың жеке ерекшелігіне, типті оқу орындарына, білім беру бағдарламаларының күрделі деңгейіне, баланың мектепке деген даярлық дәрежесіне.

Бірінші сынып оқушыларының ойдағыдай бейімделуі үшін оқытудың уәждемесі өте маңызды. Бірінші жылы ол, негізінен, үлкендермен қамтамасыз етіледі. Үлкендердің бүлдіршіндермен бәрін игеруге немесе көп нәрсені білуге тырысқанына қаншалықты жауап беру әрекеттерің болғанынан, көбінесе, бірінші сынып оқушыларының мектепте оқу қалауы осыған байланысты. Оқу уәждемесін дамыту үшін, мектептегі баланың бірінші қадамдарын ересектер тарапынан  баланың мектептегі қызығушылықтарын  және түсінуін оң қарсы алуы маңызды.

Бірінші ұсыныс: ең бастысы, сіздің балаңызға деген сыйыңыз, - бұл сіздің көңіліңіз.

Екінші ұсыныс: сіздің мектепке, мұғалімдер мен тәрбиешілерге деген оң көзқарасыңыз баланың бейімделу кезеңін жеңілдетеді

Үшінші ұсыныс: баланы жаңа өмір режиміне үйренуіне, құрдастарымен қарым қатынас құруына және өздерін сенімді сезінуіне көмектесіңіз.

Балалардың бастауыш мектебіне бейімделуі бойынша ата-аналарға қосымша ұсыныстар:

  • өз балаңызды, әр түрлі жағдайларда бақылап отырып, оны жақсы білуге, оның мінезінің сол немесе өзге де ерекшеліктерін танып білу үшін  оны қадағалап зерделеңіз.
  • баланың қозғалыс белсенділігін дамытыңыз, өйткені, төзімді, физикалық жүктемелерге үйренген бала, әлсіз және қимылдауы аз балаға  қарағанда,  бейімделуі оңай болады.
  • баланың орынсыз тілектерін орындай бермеңіз, өйткені, қасарғыштыққа және еркелікке жеткізуі мүмкін.
  • дербестігіне ұмтылу еңсесін баспаңыз.
  • баланың барлық сұрақтарына жауап беруге тырысыңыз, өйткені, осы жастағы әуестік шексіз.
  • баланың сәтсіздіктеріне күйіп-піспеңіз және ренжімеңіз, өйткені, ол өз ата-анасының көңілін қалдырғысы келмейді.
  • баланың балалармен дос болуына үйретіңіз: адал болу, достарды құрметтеу, өз үйлеріңізге шақырыңыз. Сатқындыққа жолбермеңіз, намысына тигізбей, қолдап отырып сын айтыңыз. Есіңізде болсын, балалық шақтағы достық, бәлкім, сіздің балаңыздың ересек өмірінде тірек  болады.
  • "Балалар жақсы оқысын деп, бұл  әрбір әке, әрбір ананың арманы. Ол өз анасы мен әкеге жақсылық әкелу ниетінің көзі. Ал бұл тілек баланың жүрегінде адамдар үшін жақсылық көрсеткен жүректе ғана пайда болады.  Адамдар үшін жақсы әрекеттер жасау үшін оған түрткі болып, оны жүрегінде қоршаған әлемге кішіпейілділік бекітіп, жүрегімен басқа адамның ішкі әлемін тану қабілеттілігін тәрбиелеп баланы жақсы оқуға үйретуге болады деп сенемін" (Сухомлинский В. А.)

Есіңізде болсын: Сіздің балаңыз мектепте сіз оқығандай оқитын болмайды. Балаға ешқашан бір нәрсені түсінбегені немесе жасай алмағаны үшін  баланы ренжітетін сөз айтпаңыз. Балаңыздың оқуын тек оң бағалауға тырысыңыз, тіпті оның жетістіктері жеткіліксіз деп санасаңызда. Өз балаңыз үшін өмір сүріңіз, оған барынша назар аударыңыз, балаңыздың әрбір сәтсіздігіне ұйымдайтын болыңыз және де оның  тіпті ең шамалы табыстарына қуанатын болыңыз. Балаңызға достай болыңыз, сонда ғана балақай сізге өзінін сырын айтатын болады.