Оныншы сынып оқушыларының бейімделу кезеңі қиындықтары.

  1. Сынып ұжымының жаңа құрамына бейімделу.
  2. Оқу уәждемесін өзектендіру, өз білімінің жетістігіне жауапкершілікті өзіне алу қажеттілігі, өзанықтамасы.
  3. Оқу «қиындықтарының» сапалы және сандық өсуіне бейімделу.
  4. Жынысы басқа адамдарға қызығушылық, өзінің жыныстық рөлін дербестендіру.

Ересек оқушылардың қандай ерекшеліктерін ескеру қажет?

  • мектеп оқушыларының бір бөлігі өздерінің кәсіби таңдауын анықтады. Осы таңдаған салаға туындаған қызығушылығына мұқият болу керек, осыған деген оқушылардың білімдерін тереңдетуге көмектесу, ата-аналарды оқушылардың «Таңдауымда қателескен жоқпын ба?» деген сұрағына жауап беруге көмектесуге тарту, өткінші елігу зардабын тартқанынша жақсысы адамды уақытылы бағыттау.
  • жоғары сынып оқушыларының оқу қызметіне деген қызығушылығы қайта байқалады, бұған мұғалімдер мен ата-аналардың қуанбауға болмас. Әдетте, бұл уақытта балалар мен ересектер пікірлес болуға айналады,  кәсіптік жолды таңдау көзқарасымен белсенді түрде алмасады. Ата-аналардың көбісі балаларының әрі қарай оқуға барғанын,   жоғары білім алуын қалайды, бірақ оларға жоғары сынып оқушыларының  қаншалықты оқу дағдылары бар ма, оқуды жалғастыруды қалай ма  деп ойламайды?
  1. Алайда, кейбір ересектер мен балалар арасындағы өзара іс-қимылда қиындықтар бар. Бұл мұғалімдерге, ал көп жағдайда ата-аналарға да жасөспірімдердің жеке өміріне кіруіне тыйым салынады. Қарым қатынасты оңтайлы мөлшерлеу  кезінде, баланың жеке кеңістігі құқығын  құрметтеу кезінде, бұл кезең жеткілікті ауыртпалықсыз өтуде.

Назар аударыңыз, осы жас кезеңінде балаларға  құрдастарының пікірі, ересектердің пікіріне қарағанда,  әлдеқайда құнды және беделді деп көрінеді,  бірақ үлкендер жасөспірімдерге, өз үлгісіндегі, оңтайлы мінез-құлықты  көрсетіп ғана, оларға өмірдегі әлеммен қалай қарым қатаныс жасауды көрсете алады.

  • қазір сіздер мен біздерге осы бейімделу кезіңінде 10-сынып оқушыларына не қажет:
  • жауапкершілік, субъективті бақылау деңгейі сезімін қалыптастыруға ықпал ету;
  • сана-сезімнің сапалы өзгеруді қалыптастыру кезінде қолдау көрсету: құндылықтар жүйесін, өзін-өзі бағалау;
  • оқу қажеттілігін, іздеу белсенділігі қалыптастыруына ықпал ету,;
  • қарым-қатынас кезінде әзіл және сенімділік сезімін сақтау.

Барлық сұрақтарыңыз бойынша педагог – психологқа  хабарласыңыздар: дүйсенбі-жұма сағат 10.00-ден 15.00-ге дейін, каб. 58, немесе телефон арқылы хабарласуға  болады: 87773780675

 

 Педагог – психолог Есентемирова А. А.