Құрметті 5-сынып оқушыларының ата-аналары!

5-сынып оқушысының мектеп жетістігінің  бірінші шарты – ол ұшыраған немесе ұшырауы мүмкін сәтсіздіктеріне қарамастан баланы сөзсіз қабылдау.

Міндетті түрде бала оқитын мектепке, сыныпқа, баланың мектептегі әр бір күніне қызығушылықты білдіріңіз.

Міндетті түрде оның сыныптастарымен танысыңыз және мектептен кейін балалардың қарым қатынас жасауына мүмкіндік беріңіз.

Балаға ықпал жасаудың жеке физикалық шараларын қолдануына, қорқытуға, балаға сын айтуға жол бермеңіз, әсіресе өзге адамдардың көзінше (әжелер, аталар, құрдастар),

Сүйікті ісінен айыру, психикалық және физикалық жаза шараларын қолдаудан бас тартыңыз.

Оқуға бейімделу кезеңінде баланың темпераментін ескеріп отырыңыз. Шабан және жанасымсыз балалар сыныпқа әлдеқайда қиын үйренеді, егер ересектер мен құрдастары тарапынан зорлық-зомбылық, мазақ және қатыгездік сезінетін болса,  қызығушылығын тез жоғалтады.

Оқу жұмысында балаға дербестік беріңіз және оның оқу әрекетіне негізделген бақылау ұйымдастырыңыз,.

Баланы мақтап отырыңыз. тек оқу жетістіктері ғана емес.  Баланың жетістіктерін ақылақтық ынтыландырыңыз.

Баланың  өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалауын және өз-өзіне жеткіліктілікті дамытыңыз.

Есіңізде болсын, сізбен біздің мақсатымыз – балаларға орта буында табысты оқу үшін  жағдайлар жасау  және балаларға орта мектепте бейімделуге көмек көрсету.

Барлық сұрақтарыңыз бойынша педагог – психологқа  хабарласыңыздар: дүйсенбі-жұма сағат 10.00-ден 15.00-ге дейін, каб. 58, немесе телефон арқылы хабарласуға  болады: 87773780675

 Педагог – психолог Есентемирова А. А.