Адалдық акциясы!

Бүгін 13 ақпан күні біздің мектепте үлкен үзілісте мектептік (буфеттік) тамақтану шеңберінде адалдық акциясы өтті. Акцияға 6В және 6Б сынып оқушылары қатысты!

Балалар оған қуана қатысты: ақша салды, қажетті буфет өнімдерін алды, өздері ақшаны санады. Осындай Акция біздің мектепте  екінші рет өткізіліп жатыр, бірақ жыл соңына қарай біз буфеттік тамақтануды пайдаланатын оқушылардың барлық контингентін қатыстыруын жоспарлап отырмыз!