Қамқоршылық кеңес отырысының №1 хаттамасы

Қамқоршылық Кеңестің күн тәртібі:

  1. 2020 жылға Қамқоршылық кеңесінің құрамы туралы. Қамқоршылық кеңестің төрағасы мен хатшысын сайлау.

  2. Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрінің 2017 жылғы  27 шілдедегі  № 355 «Қамқоршылық кеңес жұмысын ұйымдастырудың және оны білім беру ұйымдарында сайлау тәртібінің Үлгілік ережесін бекіту туралы» бұйрығымен танысу.

  3. 2018-2019 оқу жылындағы Қамқоршылық кеңес қызметінің қорытындысы. 2020 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту. Қамқоршылық кеңес отырыстарының фото және бейне түсірілімдерін өткізу туралы.

  4. Мектептегі тамақтаныруды ұйымдасыру.  «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету.

  5. Мектептің материалдық-техникалық базасын нығайтуға демеушілік көмек тарту туралы.

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №16 орта мектебі» ММ

 Қамқоршылық кеңесі отырысының

№ 1 ХАТТАМАСЫ

 

2020 жылғы 7 ақпанда

 

Қатысқандар: Қамқоршылық кеңес мүшелері-12 адам

Қатыспаған: 1 адам (дәлелді себеппен)

 

Күн тәртібі:

  1. 2020 жылға Қамқоршылық кеңесінің құрамы туралы. Қамқоршылық кеңестің төрағасы мен хатшысын сайлау.

    (Мектеп директоры И.Б. Ельжасов)

  2. Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрінің 2017 жылғы  27 шілдедегі  № 355 «Қамқоршылық кеңес жұмысын ұйымдастырудың және оны білім беру ұйымдарында сайлау тәртібінің Үлгілік ережесін бекіту туралы» бұйрығымен танысу.

    (директордың ТЖ бойынша орынбасары В.М. Белоглазова)

  3. 2018-2019 оқу жылындағы Қамқоршылық кеңес қызметінің қорытындысы. 2020 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту. Қамқоршылық кеңес отырыстарының фото және бейне түсірілімдерін өткізу туралы.

    (директордың ТЖ бойынша орынбасары М.Б. Сандыбаева, әлеуметтік педагог А.Я. Райн)

  4. Мектептегі тамақтаныруды ұйымдасыру. «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету. 

    (Сандыбаева М.Б., заместитель директора по ВР, Райн А.Я., социальный педагог школы)

  5. Мектептің материалдық-техникалық базасын нығайтуға демеушілік көмек тарту туралы.

    (директордың ӘШ бөлімі бойынша орынбасары Н.А. Чупир)

1. Тыңдалды: Мектеп директоры И.Б. Ельжасов.

И.Б. Ельжасов Қамқоршылық кеңес мүшелерін «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ 29.01.2020 ж. № 138 «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 16 орта мектебі» ММ Қамқоршылық кеңесінің құрамын бекіту туралы» бұйрығымен таныстырды. Қамқоршылық кеңестің төрағасын, төраға орынбасарын және хатшысын сайлау ұсынды.

- Қамқоршылық кеңесінің мүшесі  Лариса Викторовна Сафарян Ермек Нурлыбекович Джантасовты Қамқоршылық кеңесінің төрағасы болып сайлануын ұсынды.

- Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Игорь Николаевич Тимощенко Қамқоршылық кеңес төрағасының орынбасары Денис Александрович Павленконы, хатшысы – Венера Какеновна Жамбалинованы сайлануды ұсынды.

Қабылданған қаулы:

1.1 Қамқоршылық кеңесінің төрағасы болып Е.Н. Джантасов сайлансын.

1.2. Қамқоршылық кеңес төрағасының орынбасары Д.А. Павленко сайлансын.

1.3. Қамқоршылық кеңесінің хатшысы болып В.К. Жамбалинова сайлансын.

Дауыс бергендер: ұсынылған кандидатураларды «Қолдаймын» – 12 адам, «Қалыс қалғандар» – 0, «Қарсы» – 0 адам.

2. Тыңдалды: директордың ТЖ бойынша орынбасары В.М. Белоглазова.

В.М. Белоглазова Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355  «Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың Үлгілік қағидаларын және оны білім беру ұйымдарында сайлау тәртібін бекіту» туралы бұйрығымен таныстырды.

Қабылданған қаулы:

2.1 Мектептің Қамқоршылық кеңесінің қызметін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңесінің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгі ережелеріне қатаң сәйкестікте жүргізу.

3. Тыңдалды: директордың ТЖ бойынша орынбасары В.М. Белоглазова, Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Е.Н. Джантасов.

1) В.М. Белоглазова 2018-2019 оқу жылында «Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 16 орта мектебі» ММ Қамқоршылық кеңесінің жұмысын қорытындылады, Қамқоршылық кеңес отырыстарының фото және бейне түсірілімі туралы ұсыныс жасады. Қамқоршылық кеңес мүшелері суретке түсуге келісті, бірақ бейне түсіруден үзілді-кесілді бас тартты.

2) Е.Н. Джантасов Қамқоршылық кеңес мүшелеріне Қамқоршылық кеңесінің 2020 жылға арналған жұмыс жоспарын құру және бекіту туралы мәселені талқылауға шығарды.

Қабылданған қаулы:

3.1 Қамқоршылық кеңес қызметінің қорытындылары туралы ақпарат назарға алынсын.

3.2 Қамқоршылық кеңес мүшелерінің отырыстарында фототүсіріліміне және оларды мектеп сайтында жариялауға рұқсат етілсін. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің келіспеуіне байланысты бейнетүсірілімдерге тыйым салу.

3.3 Қамқоршылық кеңесінің 2020 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілсін.

Дауыс бергендер: ұсынылған кандидатураларды «Қолдаймын» – 12 адам, «Қалыс қалғандар» – 0, «Қарсы» – 0 адам.

4. Тыңдалды: директордың ТЖ бойынша орынбасары М.Б. Сандыбаева, әлеуметтік педагог А.Я. Райн.

1) М.Б. Сандыбаева мектепте ыстық тамақты ұйымдастыру туралы айтып, тамақтанумен қамтылған балалардың санымен, асханадағы ас мәзірімен таныстырды.

2) Әлеуметтік педагог А.Я. Райн Қамқорлық кеңесінің мүшелерін «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі ережелерімен таныстырды, тегін тамақпен қамтылған балалар саны туралы, балаларды тегін тамақтандыруға қою үшін қажетті құжаттар тізімі туралы айтты.

Қабылданған қаулы:

4.1 Ақпарат назарға алынсын.

5. Тыңдалды: директордың ӘШ бөлімі бойынша орынбасары Н.А. Чупир.

Н. А. Чупир мектепте материалдық-техникалық базаны нығайтуға демеушілік көмек тарту бойынша жұмыс жүргізу қажеттілігі туралы айтты.

Қабылданған қаулы:

5.1 Қамқоршылық кеңес мүшелері заңды тұлға ретінде Қамқоршылық кеңестің тіркелу шарттарын зерделесін.

 

Қамқоршылық кеңестің төрағасы:                                  Е.Н.  Джантасов

    (қолы мен мөрі бар)

Хатшы:                                                                               В.К. Жамбалинова